Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Рамазанова, Ш. Сөз сарасы 83.3(5Қаз) Р 19 Рамазанова, Ш. Сөз сарасы [Мәтін] : ғылыми зерттеулер / Ш. Рамазанова. – Алматы : Sardar G, 2024. – 293, [1] б.
Филология ғылымының кандидаты, ғалым-зерттеуші Шайгүл Рамазанованың бұл жаңа кітабы үш тараудан тұрады. «Ақын жырларындағы тарихи шындық һәм көркемдік ерекшеліктер» атты алғашқы тарауында көрнекті ақын Жәркен Бөдеш өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерделеніп, талдап-таразыланған. «Жеті қаған» жыры – елдік пен ерліктің шежіресі» аталатын екінші тарауына көнеден жеткен құнды жәдігер – «Жеті қаған» жыры туралы толайым зерттеулері топтастырылған. Ал «Тіл – тіршіліктің бастауы» атты үшінші тарауына ана тілімізді оқып-үйретудің әдістемелері мен жолдары, қадір-қасиеті, мән-маңызы, өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары, ұлттық құндылықтар жайындағы мақала-материалдары жинақталған. Еңбектің жаңалығы мол, ғылыми сипаты басым, жеңіл оқылады. Жас ұрпақтың көкірек көзін ашып, көңіл көкжиегін кеңейтері сөзсіз. Кітап көпшілік қауымға арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|