Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«ПРОчтение» Ш. Бейсенова «Бір махаббат баяны – Сказ об одной любви»
25.04.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі «ПРОчтение» жобасы аясында белгілі қазақ жазушысы, журналист, аудармашы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенованың «Бір махаббат баяны – Сказ об одной любви» атты кітабы бойынша бейнероликтер топтамасын ұсынады.

Шығарманың басты кейіпкері Марғуа – барша қазақ халқына өнегелі сабақ беретін тағдыры таңғажайып әйел, ерекше тұлға. Оның есімі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы бүкіл қазақ зиялыларының аузында жүрді. Ол күйеуінің соңынан Сібірге, сталиндік лагерьдегі ауыр еңбекке аттанған және онда ұзақ жылдарын өткізген қазақтың «декабрист» әйелі ретінде танымал болды. Өзінің шыдамдылығының, табандылығының арқасында ол кейін академик, әдебиеттанушы, аудармашы, ірі қоғам қайраткері болған сүйікті жарын ажалдан құтқарып қалды, сонымен қатар үш ұлды тәрбиелеп, ер жеткізді. Бұл повесте Марғуаның өмірлік серігі болған күйеуіне – Мұқанға шын жүректен берілгендігі,  махаббаты мен адалдығы жайындағы әңгіменің шынайылығы таң қалдырады.

Ерін сүйген әйелдің тағдыры біздің оқырмандарымыздың есінде қалады деп үміттенеміз. Біз осы керемет кітапты оқып шығуды ұсынамыз.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=1mWRfKmojwc

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus