Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
26.04.2022

26 сәуірде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушылары Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапханада болып қайтты. Олар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды, экскурсия барысында педагогтар кітапхананың түрлі бөлімдерімен және оларда бар ақпараттық ресурстармен танысты. Сирек кітаптар мұражайында, Өнер туралы әдебиеттер және Негізгі қорды сақтау бөлімдерінде көрсетілген бірегей қорлар, сондай-ақ өлкетану бойынша толық мәтінді деректер қоры туралы ақпарат курс тыңдаушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл ресурстар тіпті қашықтағы пайдаланушылардың да бірегей материалдарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Экскурсия соңында мұғалімдер ақпарат пен білімнің осы бір киелі орнына тағы да келуге ниет білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus