Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Ысқақұлы, Д. Сөз – әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі 88.3 Ы 88 Ысқақұлы, Д. Сөз – әлем әміршісі немесе рухани күш-қуаттың қайнар көзі [Мәтін] / Д. Ысқақұлы. – Алматы : Sardar G, 2024. – 286, [1] б.
Кітапта Адам Ата жаралғалы бері адамзат қоғамын толғандырып келе жатқан «Адам не үшін өмір сүреді; өмірдегі мақсаты не; қайткенде бақытты болады?» деген секілді сауалдар төңірегінде ой өрбітіп, оған қоғам дамуының, білім-ғылымның бүгінгі күн биігі тұрғысынан жауаптар іздей отырып осы үдерісте сөздің шешуші рөл атқаратындығына басты назар аударады. Адамзат баласының ғасырлар бойғы рухани дамуы барысында тілі арқылы жинақтаған асыл қазынасына, ғылым жетістіктеріне, имандылық негіздеріне сүйене отырып, адамның қалыпты жолмен жетілуінің табиғи заңдылықтарындағы сөздің психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық, физикалық секілді аса маңызды қызметтеріне жан-жақты тоқталады. Адамның өміріндегі, тағдырындағы негізгі қозғаушы күш ретіндегі ойдың, сөздің, істің жетекшілік қызметі күнделікті тіршіліктің тәжірибелеріне негізделе отырып жан-жақты әңгімеленеді. Кітап сөз қадірін түсінетін, денінің сау болып, өмірдегі өз орнын табу үшін алдына үлкен мақсат қойып, аңсаған арманына жетіп, бақытты өмір сүргісі келетін қалың оқырманға арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|