Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Озғанбай, Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан, (1905–1917 жж.) 63.3(5Қаз) О-42 Озғанбай, Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан, (1905–1917 жж.) [Мәтін]. Т. 1 / Ө. Озғанбай. – 2-бас. – Алматы : Мазмұндама, 2021. – 415 б., [6] парақ сурет.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал зерттеуші ғалым, қоғам дамуы, адамдар, тағдырлар туралы жазылған елуге жуық кітаптардың, жүздеген мақалалардың авторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбайдың бес томдық шығармалар жинағы оқырманға жол тартып отыр. «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», «Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар», «Тағзым» атты туындылардан түзілген жинақтарда халқымыздың тарихына, тұлғаларына атақты көсемдер мен шешендердің ел көсегесін көгерту жолындағы жанкешті іс-әрекеттері арқылы шолу жасалады. Сондай-ақ бес томдықта оқырманға кезінде Ресей Мемлекеттік Думасына қазақтан депутат болып сайланған қайраткерлер өмірінің бұрын-соңды аз зерттелген қырлары ұсынылады. Көп томдықтан автор жөнінде де бірсыпыра мағлұматтар алуға болады. Тілі жатық, қызықты оқылатын көп томдық қалың оқырман қауымға арналып шығарылып отыр. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|