Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Табылдиев, Е. А. Саналы ұрпақ тәрбиесі = Воспитание сознательного поколения 74.9 Т 12 Табылдиев, Е. А. Саналы ұрпақ тәрбиесі = Воспитание сознательного поколения [Мәтін] / Е. А. Табылдиев ; [ил. С. Р. Юсупова]. – Атырау : [б. ж.], 2025. – 184 б. : сурет.
Құрметті оқырман, Коммунисттік режимді қанша сынап-мінегенмен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде сапа тұрғысынан әлем бойынша алдыңғы қатардан орын алатын көптеген салалар болды. Білім мен медицина – сөзсіз солардың қатарында еді. Ол кезде мұғалім мен дәрігер мамандықтары құрметті, беделді және жақсы төленетін ма- мандықтар болатын. Кеңестік кезеңнен кейінгі дәуірдегі білімнің құлдырауы, сонымен қатар ғаламтордың қарқындап дамуы балаларға деген отбасы тәрбие- сінің нашарлауына әкеліп соқты. Осының салдарынан ненің жақсы, ненің жаман екенін, қандай әдеттердің зиянды, бойындағы қандай қасиеттерді дамыту керек екенін білмейтін, басқа да қарапайым адами құндылықтарды толық түсінбейтін ұрпақ өсіп келеді. Мен балаларымның бұрынғы Кеңес Одағы адамдары сияқты өздерінің өмірлік ұстанымдары бар, үлкенді сыйлайтын, қажет кезде мұқтаж жанға көмектесуге, әлсіздерді қорғауға дайын тұратын, әділет- тілікті жақтайтын тәрбиелі жандар болып өскенін қалаймын. Бұл кітап осындай ізгі мақсатта жазылған. Балаларымызды елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүйетін жақсы адамдар қылып өсіріп, тәрбиелеу – сіз бен біздің ата-ана және еліміздің саналы азаматы ретіндегі борышымыз. Сол үшін барлық күш-жігерімізді салуға тиістіміз. Р. S. Кітап тек балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да пайдалы болатынына сенімдімін. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|