Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Құдайбергенова, А. И. Қазақстанның XX ғасырдың 20–40 жылдардағы демографиялық тарихы 63.3(5Қаз)6 Қ 74 Құдайбергенова, А. И. Қазақстанның XX ғасырдың 20–40 жылдардағы демографиялық тарихы [Мәтін] : монография / А. И. Құдайбергенова ; ҚР Білім және ғылым м-гі, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ин-ты. – Алматы : Радуга, 2023. – 319 б. : сурет.
Монографияда XX ғасырдың 20–40 жылдарында Қазақстан аумағында жүрген демографиялық үдерістердің тарихы қарастырылады. Кітапта XX ғ. Кеңес үкіметі билігінің алғашқы 30 жылында орын алған жойқын ашаршылықтардың тарихы мен олардың демографиялық зардаптары сөз болады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістен бастап 1940-жылдардың соңына дейінгі елдің демографиялық тарихы, ауыл мен қала халқының дамуындағы басты үдерістер тың құжаттар негізінде талданады. Кеңестік биліктің жүргізген экономикалық саясатының миллиондаған жазықсыз азаматтардың құрбан болуына әкелген ерекшеліктері де қарастырылады. Қазақстан халқының табиғи өсімі мен көші-қонындағы басты үдерістер мен олардың нәтижелері, ел халқының дамуындағы әсерлері нақтыланады. II дүниежүзілік соғыстың Қазақстанның демографиялық дамуына әсері мен соғыстан кейінгі ел халқының дамуындағы ерекшеліктер де сөз болады. Монография гуманитарлық ғылымдар саласындағы мамандарға, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, оқытушылар қауымына, сондай-ақ ел тарихын сүйер көпшілік қауымға арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|