Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Ол кім. Бұл не 92 О-54 Ол кім. Бұл не [Мәтін] : балалар энциклопедиясы. Т. 1 : А–Й / [құраст. И. Хасенұлы ; ред. Ғ. Жандыбаев]. – 2-бас., өнделген, толықт. – Алматы : Дәуір, 2025. – 647 б. : сурет.
1987 ж. Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакциясы Мәскеудегі «Педагогика» баспасының «Ол кім. Бұл не» атты 3 томдық балалар энциклопедиясын ұлттық терминдермен толықтырып, қазақ тілінде оқырмандарына ұсынған еді. Қолыңыздағы үш томдық энциклопедияны әзірлеу кезінде 2004 ж. «Современная педагогика» баспа үйі жетілдіріп-толықтырған мәскеулік жаңа басылым басшылыққа алынды, сонымен қатар қазақ топырағына тән ұлттық мақалаларға да кең орын берілді. Энциклопедия баланың дүниетанымын жетілдіріп, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына игі ықпал ететін, адам өмірі мен тыныс-тіршілігінің сан алуан салаларымен (ғылым, техника, өнер, дін, спорт, демалыс) таныстырады, оқырманының күнделікті өмірде өзін қызықтырып, сырын білгісі келген сұрақтарының шешімін табуына көмектеседі. Ол санау, өлең ұйқасы, ойын, интернет, әлде әлемнің ең ірі мұражайларымен танысу ма; таңғажайып яки өзіне таныс жан-жануарлар жайында ма; ұшақ, ракета, Формула-1 жарысы немесе ұлы тұлғалардың өмірбаяны бола ма, солардың әрқайсысы туралы түсінікті әрі тартымды тілмен баяндап береді. Энциклопедия орта буын мектеп шәкірттеріне арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|