Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Акажанова, А. Т. Заң психологиясы 88.4я7 А 33 Акажанова, А. Т. Заң психологиясы [Мәтін] : оқу құралы / А. Т. Акажанова. – Алматы : Jogary bilim, 2024. – 351 б.
Оқу құралында заң психологиясы мен пенитенциарлық психологияның өзекті мәселелері – даму тарихы, негізгі қағидалар мен әдістер, заңгер мен психолог іс-әрекетіндегі танымдық үдерістер, эмоциялық күйлер мен сезімдердін психологиялық-құқықтық аспектілері, құқық қолдану іс-әрекетінің психологиялық жақтары, қылмыскердің және қылмыстық топтың психологиялық ерекшеліктері, қылмыстық әрекеттің уәждемесі, нарықтық азаматтық құқық психологиясының қалыптасуы, ювеналдық әділеттілік және арнайы заңгер қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері, кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себептері және олардың виктимділігі, қылмыстық құлық және бұқаралық ақпарат құралдары, пенитенциарлық мекемелер және түзету жұмыстарының шетел және отандық үлгілері, бостандыққа қайта бейімдеу мен қайта әлеуметтендірудегі психологиялық бағдарлама, психологтың жабық мекемеде қолданатын әдістері мен әдістемелері қарастырылған. Теориялық талдау мәселелері автордың бірнеше жылдар бойы колонияда жүргізген тәжірибелік жұмыстарымен байланыс тапқан. Оқу құралы докторанттарға (PhD), магистранттарға, студенттерге, жабық мекеме қызметкерлеріне, психология мен заң ғылымдарының байланысымен айналысатын зерттеушілерге арналған. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|