Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Досыбаева, А. Қазақ-әзербайжан әдеби байланысы 83.3(5)
Д 64 Досыбаева, А. Қазақ-әзербайжан әдеби байланысы [Мәтін] : (архивтік материалдар негізінде) / А. Досыбаева ; Қазақстан Жазушылар одағы. – Алматы : Дәуір, 2024. – 276, [2] б.
Жас жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Айткүл Досыбаеваның қазақ-әзербайжан әдеби байланысына арналған кітабына Әзербайжан Республикасы Ахундов атындағы кітапханасы, Архив бас басқармасы, Әдебиет музейі қорынан сүзіліп алынған тарихи материалдар негіз болады. Олардың арасында Қорқыт ата, Көрұғұлы секілді жалпы түрік халықтары фольклорының ортақ даналары бар. Ұлы Абайдан арна тартқан әдеби байланыс бүгінгі қазақ ақын-жазушылары шығармаларына ұласады. Әзербайжан ағайын ұлы Абай шығармаларын аударған, аударумен шектелмей, арнайы зерттеген екен. Әзербайжан елінде Абайтанудың екі буын зерттеушілері қалыптасқан дерлік. Қорқыт ата, Көрұғұлы жайында бауырлас екі ел материалдары салыстырыла зерттелсе, Абайтану – әзербайжан ғалымдары еңбектерінде өз эволюциясымен зерделенеді. Тілі шұрайлы еңбекте бірсыпыра архивтік деректер негізінде жұмыс жасалып, түсінік беріледі. Сонымен қатар алда атқарылар көп жұмыстың көзі көрсетіліп, сұлбасы салынады. | | |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|