Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шығармалары

84(5Қаз)

С28

Сәрсеке, М. Шығармалары [Мәтін] : роман : Т. 7. Жарылыс / М. Сәрсеке. – Астана : Фолиант, 2015. - 472 б.    

Медеу Сәрсекенің Мәскеу мен Алматыда 1983, 1987 жылдары «Взрыв» деген атпен, әрі екеуі де мол таралыммен екі мәрте орыс тілінде жарық көрген романының қазақша басылымы сауысқандай сақ редактор мен қатаң цензура тарапынан қатты қысымға ұшырап, көптеген беттері мен тараулары қайшыға түсіп, бастапқы «Жарылыс» аты да «Жаңғырық» болып өзгеріп («Жазушы», А., 1979 ж., 41 мың дана) жарияланған. Соны романның ана тіліндегі алғашқы басылымының 21, 37 б.т., ал орысшасы 27, 28 б.т.көлемде шыққанынан-ақ аңғаруға болады.

Сонша қиянаттың себебі – жазушының қазақ инженерлерін ғылыми-техникалық  төңкеріс заманың алдыңғы легінде көрсетіп, түйе мінген дала перзентінің ата кәсібі  мал бағумен қатар, қорғасын шайқап, бағалы металдың ең таза түрлерін қорытуды кәсіби меңгергенін баса суреттеуінде. Таңғаларлық жайт: баспа  комитетінің қырағы рецензенттері содан да, ұлы орыс халқының көшбасшылық діліне нұсқан келетін ұлтшылдық «көріп», яки кейпкерлердің рухани биік деңгейіне шабуыл... деп жариялаған. Нәтижесінде көлемді роман жөнсіз тілгілеуге ұшыраған. Ең ғажабы, инженер жазушының туындысы Мәскеу сыншылары тарапынан қолдау көруі. Одан үзіндіні «Литературная газета» мен «Молодая гвардия» журналы жариялады. Одақтық баспасөз бетінде де өндіріс тақырыбына жазылған үздік туындылардың бірі деген жоғары баға алды. Кезінде роман бойынша жасалған драма облыстык театрлар мен М. Ю. Лермонтов атындағы республикалық орыс академтеатры сахналарында бірнеше жыл бойы сәтті жүрген...

«Жарылыс» бастапқы нұсқасы бойынша, екінші рет толық түрде жарияланып отыр.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus