Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мәңгілік майдан

84(5Қаз)

К 69

Көпіш, Ә.

   Мәңгілік майдан [Мәтін] : тарихи-психологиялық роман-дилогия. 1-кіт : Ұланғайыр / Ә. Көпіш. – Алматы : Өнер, 2017. - 336 б.

 

Күні кеше ғана Уақыт қойнауына кеткен — XX ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи-әлеуметтік сілкіністер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халық империялық күштердің отаршылдығын, әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе ұлттық ой-санамызды ұдайы күшпен тойтарып отырған небір әділетсіздіктер мен қанды оқиғаларды бастан кешірді.

Автор “Мәңгілік майдан” (бір жанның мыңжылдық қасіреті) атты тарихи-психологиялық роман-дилогиясының 1-кітабында сол ғасырдың басынан бастап қазақ даласына “қызылдар қырғыны” келу қарсаңына дейінгі кезеңде шығарманың басты қаһарманы Серханның және оның айналасындағы адамдардың тағдырын, олар басынан кешірген оқиғалармен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымымыз бен елдік санамызды бойтұмардай сақтап қалу жолындағы кейіпкерлердің арпалысқа толы күрескерлік бітімін даралап көрсетеді.

Мұнда, сондай-ақ, адам өмірімен қатар, дүниежүзілік биосферада аяусыз зардап шегіп келген Жер мен тіршілік, ауа мен су, жылқы мен жан-жануарлар, кұс пен құмырсқа, ағаш пен өсімдік, яғни, бүкіл Планета тағдыры да қатар өрбумен болады.

Романда қазақ әдебиетінде бұрын-соңды мүлде қолданылмаған жаңа көркемдік әдістер мол. Шығарманың тілі эпикалық тұрғыда - кең, көркем, әрі шебер қиюласқан.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus