Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жаңа атаулар мен қолданыстар

81.632. 4

Қ 77

Құрманбайұлы, Ш.

   Жаңа атаулар мен қолданыстар [Мәтін] / Ш. Құрманбайұлы. – Алматы : Керемет медиа, 2017. - 288 б.

 

Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы жыл санап байып, көптеген жаңа атаулармен, терминдермен толығу үстінде. Әсіресе, кейінгі ширек ғасыр көлемінде бұл үрдіс айрықша қарқын алды. Жылына жүздеген жаңа атаулар мен салалық терминдер пайда болып жатады. Ондай атауларды уақтылы жинап, лингвистикалық сараптан өткізіп, көпшілік қауымға таныстырып отырудың маңызы зор. Ұсынылып отырған еңбек авторы соңғы 20-25 жыл көлемінде осы іспен жүйелі түрде айналысып, бұған дейін де бірнеше зерттеу еңбектері мен жинақтар, сөздіктер жариялады. Ғалымның кезекті еңбегіне енген жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар 2012-2017 жылдар аралығындағы мерзімді баспасөз беттерінен жинақталып, мысалдарымен беріліп отыр. Кітаптан қазақ тілінің лексикалық қорының жаңа сөздер мен терминдер арқылы кейінгі бес жыл көлеміндегі толығу, даму қарқынын, жалпы беталысын көруге болады.

Автор қазіргі сөзжасам, терминжасам тәжірибесіне жан-жақты тоқталып, тілдік талдау жасайды. Баспасөздің жаңа қолданыстарды қалыптастырудағы рөлі мен онда орын алып отырған кемшіліктер атап көрсетіледі.

Ғылыми еңбек тілші ғалымдар мен оқытушыларға, терминтанушылар мен терминшілерге, аудармашылар мен журналистерге, мемлекеттік қызметшілер мен кеңсе кызметкерлеріне, ісқағаз жүргізушілерге, филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ қазіргі қазақ тілі лексикасының даму ерекшеліктері, бүгінгі сөзжасам, терминжасам үдерісі қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus