Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Көптомдық шығармалар жинағы : "Абай" энциклопедиясында жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар. Т. 9

81.632. 4

С 94

Сыздықова, Р.

    Көптомдық шығармалар жинағы [Мәтін] : "Абай" энциклопедиясында жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар. Т. 9: Ауызша дамыған қазақ әдеби тілі / Р. Сыздықова. – Алматы : Ел-шежіре, 2017. - 242 б.

 

Бұл жұмыс автордың 1968 жылдан бері жоғары оқу орындарында «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты пәннің оқулығы ретінде пайдаланылып келе жатқан монографиясының үстеме, қосалқы сыңары болып танылуға тиіс. Аталған оқулықтағы талдаулар мен танымдар кеңейтіле, айқындала түсті, мысалдары молырақ келтірілді. Абайға дейін де нормасы тұрақталған, әсері қуатты әдеби тілдің болғанын, ол ауызша түрде қызмет еткенін, оның негізгі үлгілері акын-жыраулар поэзиясы мен шешендік сөз үлгілері екенін айқындап, арнайы терминологиялық мазмұн бере отырып, автор оны «ауызша дамыған әдеби тіл» деп атайды. Қазақ тілін, түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, сөзге бай және аса көркем тіл, деп өткен XIX ғасырдың өзінде-ақ В.В.Радпов, П.М.Мелиоранский т.с.с. ғалымдар аса жоғары бағалаған болса, бұлайша танытқан - қазақтың ауызекі сөйлеу тілі емес, ауызша дамып отырған әдеби тілі болғаны даусыз. Бүгінде де қазақ тілі лексикалық қазынасы орасан бай, тілдік-құрылымдық сипаты әбден «қалыптанған және аса көркем, бейнелі, әсерлі тіл» деп отырса, бұл батаны бергізген - бес ғасырлық (XV-XIX) тарихы бар қазақтың ауызша (ауызша айтылған, ауызша тарап, сақталған) әдеби тіл болды. Бұл тіл - қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің іргетасы, түп қазығы, арқауы. Осы тілді кеңірек, толығырақ, анығырақ талдап-танытудың қажеттігі осы еңбекті ұсынуға алып келді. Монография институттар мен университеттердің филология факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне және ана тілінің күш-қуатын, әсемдік құдіретін сезінгісі келетін өзгелерге де арналады.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus