Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Роза Бағланова
85.31(5Қаз)
Ә 58
Роза Бағланова [Мәтін] : кітап-альбом / [авт.-құраст. Қ. Абдухали-мов]. – Алматы : Өнер, 2021. – 280 б. – (Халық перзенті).

1922 жылдың 1-қаңтарында жарық дүниеге келген Роза Бағланованың өмірі өткен ғасырымыздың ұлттық символына айналған. Бұрынғы Кеңес [КСРО] өкіметінің халыққа жасаған бүкіл қиянаты жап-жас Розаның басынан өткен. Азамат соғысы, жетім қалу, ашаршылық, халық жауы, босқыншылық, Отан соғысының қан майданы.., – бәрі, барлығы да... Жасы он сегізден жаңа асқан сүйкімді жас Өзбекстаннан қан майданның ең алдыңғы шебіне концерт қоюға аттанған қыз-келіншектер ансамблінің құрамында соғысқа кетті. Әншілік, артистік жолы осылай басталды. Сөйтіп, Роза Бағланова 1945 жылғы 9-мамырда Берлинде болған Жеңіс концертіне қатысады.

Әйгілі әншінің 100 жылдығына арналған бұл кітап-альбом өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған, кейіннен Әлемде аты аңызға айналған опера және эстрада әншісі, Қазақстанның [1955] және бұрынғы КСРО Халық артисі [1967], Халық Қаһарманы [1996] Роза Тәжібайқызы Бағланованың өмір белестерін көз алдыңызға әкеледі.

Роза Бағланова Қазақтың халық әуендерін, отандық және шет елдік замандас композиторлардың, өзге халықтардың [венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.] әндерін нақышына келтіре орындап әлем жұртшылығының көзіне түсті.

1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломанты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. Р. Бағланова Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» және «Отан» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» [1943], және басқа ондаған медальдармен марапатталған. Атағы Жер жүзіне таралған қазақ әншісінің үні бүгінгі XXI ғасырда әрбір қазақ шаңырағында шамшырақ болып жайнайды.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus