Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Менің шашылған энциклопедиям

85.03(5Қаз)я2

Қ 56

Қожахметова, М. Д.
    Менің шашылған энциклопедиям [Мәтін] : портреттер, увертюра - эсселер, сурет - сыр - сұхбаттар / М. Д. Қожахметова. – Алматы : Дәуір, 2021. – 703 б. : сурет
 

Автордың бұл жеке жоба-топтамасы төрт бөлімге жинақталған: 1. Музыка. 2. Балет. 3. Театр. 4. Бейнелеу. Кескіндеу,

Осы өнер түрлерінің қазақ топырағында туған көрнекті тұлғаларымен қатар адамзаттың ортақ игілігіне, құбылысқа айналған есімдермен, тарих қойнауына енген әр кезеңдегі өкілдерінің бір-біріне ұқсамайтын портреттерімен таныса аласыздар. Күй, вальс, соната, симфония, ән, жыр, би, сахна сиқыры, режиссерлік, актерлік шеберлік ізденістері, орындаушылық ерекшеліктері көркемдік мәнерімен қызьқтырады. Анық-қанық, нақты. Әрбір кейіпкері өз нотасының биігінде. Бей­нелеу өнерінің түрлі ғасыр аралығында інжу-маржанға айналған сурет, мүсіндері кенеттен сырын ашып, сайрап шыға келгендей әсерге бөлейді.

Жинақтың композициялық құрылымынан талант атты ұлы ұғымның уақыттан тыс, азат, нақтылай түссек – мәңгілік өзекті екені айқын аңғарылады.

Тілі тартымды, ойы телегей-теңіз «Менің шашылған энциклопедиям» қалың оқырманның игілігіне жол тартты. Интеллектуалдық сұранысты өтейтіндей қауқары бар, мәдениет, әдебиет жанашырлары іздеп оқитын жинақ бұл, яғни әрқайсыңыздың жеке энциклопедияңыз. Ендеше оқуға асығыңыз, пікір түйіңіз, түйсіну, сезіну кеңістігіне қанат қағыңыз. Сұлулық әлеміне хош келдіңіз!


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus