| Қазақша | Русский | ||||
![]() | ||||
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00 Жексенбі – 9.00 – 17.00 Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
| |||
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
|
Сортировка: по алфавитув обратном порядке Бородин Андрей Михайлович
Курск губерниясы Львов ауд. Сафонов ауылында туған. Курск мал-дәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін Қоста-най облысына жұмысқа жіберіледі (1932 ж.). 1945 - 1956 жж. аралығында Қазақстан КП ОК аппаратында қызмет істеді. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын аяқтады (1951 ж.). ҚазКСР ауыл шаруашылығы және дайындау ми-нистрлігінің бірінші орынбасары, кейін Қаз КСР бойынша КСРО дайындау министрінің өкілі болып жұмыс істеді. 1956 жылы Ақмола облыстық партия комитетінің бірінші хатшы-сы болып тағайындалды. 1957 - 1958 жылдар аралығында ауыл шаруашы-лығы министрі, Мемжоспар төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1959 - 1981 жылдар аралығында Қостанай облыстық партия комитетінің басшылығында болды. Қостанай облысы осы кезеңде екі мәрте Ленин орденімен марапат-талды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Брусник Дмитрий Яковлевич
1924 жылы 5 қарашада Қостанай облысы Урицкий (қа-зіргі Сарыкөл) ауданы Аннов ауылында туған. Еңбек жолын Аннов ауылдық кеңесінің хатшысы лауазымынан бастады. Майданға 1942 жылдың тамызында шақырылды. Орталық майдан жүргізген шайқастарға миномет бөлімшесінің коман-дирі болып қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босатылды. 1947 жылдан бастап партия жұмыстарында болды. 1970 жы-лы Қостанай облыстық кәсіподағының төрағалығына та-ғайындалып, осы жерде 1986 жылға дейін қызмет істеді. 1986 жылы «ҚР ар-дагерлер ұйымының» Қостанай облыстық бөлімін басқару тапсырылды. Об-лыстық ардагерлер ұйымының төрағасы міндетін атқару барысында оны ны-ғайту және дамыту бағыттарында қыруар жұмыстар істеді. Ол облыста және облыс орталығында бірінші ардагерлер ұйымын құрудың, «Ардагер» қоры-ның пайда болуы мен қызметін ұйымдастырудың ұйытқысы болды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Бугаев Иван Михайлович
1924 жылы 5 ақпанда Чернигов облысы Бобровский ау-даны Кобыжчи ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың күзі-нен 1943 жылдың 5 қарашасы аралығында әскер қатарында болды. Днепр өзенінен өту кезінде ауыр жараланады. Әскер қатарынан босатылғаннан кейін 1944 жылдың сәуірі мен қа-заны аралығында Киев қ. Украина ОСБ-ында оқып, кейін Тернополь облысында КСРО Мемжоспар ОСБ-ында аудан-дық инспектор болып жұмыс істеді. Денсаулығына байла-нысты 1946 жылдың қазанында Алматыға көшіп келіп, заң институтын бі-тіреді. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Быковский Валерий Фёдорович
1934 жылы 2 тамызда Мәскеу облысы Павловский Посад қаласында туған. Мәскеу аэроклубын, ұшқыштардың Качин-ский әскери авиациялық училищесін (1955 ж.), Н. Е. Жуков-ский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) біті-реді. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Алғашқы ға-рышкерлік ұшуы «Восток-5» кораблінде 1963 жылы маусым-ның 14 -19 аралығында болды. Екінші рет 1976 жылдың 15-23 қыркүйегі аралығында В. В. Аксеновпен бірге«Союз-22» кораблінің экипаж командирі ретінде ғарышқа көтерілді. 1979 жылдың 26 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында ГДР азаматы ғарышкер З. Йенмен бірге «Союз-31» кораблінде кезекті ғарышқа көтерілуі болды. Валерий Фёдорович - КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, техника ғылымының кандидаты, екі мәрте Кеңестер Одағының Батыры. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Великанов Валентин Евгеньевич
1911 жылы Екатеринбургте туған. Еңбек жолын қырлау фабрикасында зергер-құрастырушы қызметінен бастаған. Ұжымдастыру кезеңінде жиырма бес мыңдықтардың қата-рында Орал облысының деревняларының біріне жұмысқа жіберіледі. Аудандық ұжымшарлардың егіншілік одағының нұсқаушысы, ұжымшар төрағасы, МТС директорының кө-мекшісі (1927-1937 жж.) болды. 1937 жылдан 1941 жылға дейін КСРО Кеңестік халық комитеті қарамағындағы Орал аумақтық мемлекеттік материалдар қорында жауапты қыз-метте, 1942 жылдан Свердлов облысы Туринск МТС саяси бөлімінің бас-шысы болды. Тың және тыңайған жерлерді игергенге дейін Валентин Ев-геньевич партия және кеңес жұмыстарында болды. 1954 жылдан оның тағдыры Қостанай облысымен байланысты дамыды. Ол Қостанай облыстық партия комитетінің кеңшарлар бөлімінің меңгерушісі, Еңбеккерлер депутат-тары қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 1965 жылы Целиноград қаласына жұмысқа ауыстырылды. Кейін Свердловск қаласына қоныс аудар-ды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Виноградов Павел Владимирович
1971 жылы Мәскеу авиация институтына түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шықты. С.П. Королев ат. «Энергия» ғарыштық-авиациялық бірлестігінде инженер болып жұмыс істеді. 1992 және 1994 жылдар аралығында Гагарин ат. ғарышкерлер ор-талығында ғарышқа ұшу бойынша дайындықтан өтті. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Волынов Борис Валентинович
1934 жылы Иркутск қаласында туған. Сталинград әскери авиация училищесін (1956 ж.) бітіргеннен кейін Кеңес Ар-миясының авиация бөлімдерінде қызмет етті. 1960 жылдан ғарышкерлер тобында болды. Н. Е. Жуковский ат. әскери-әуе инженерлер академиясын (1968 ж.) аяқтап шықты. 1969 жыл-дың 15-18 қаңтарында топ командирі ретінде А. С. Елисеев және Е. В. Хруновпен бірге «Союз-5» ғарыш кемесінде көкке көтеріліп, өзінің экипаж мүшелерін ашық ғарыш кеңістігіне шығару арқылы В. С. Шаталовпен біріге отырып «Союз-4» және «Союз-5» кемелерін жақындастыруды және түйістіруді тәжірибеден өт-кізді. 6 шілде мен 24 тамыз аралығында В. М. Жолобпен бірге «Союз-21» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында кеме командирі ретінде екінші мәрте ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, екі мәр-те Кеңестер Одағының Батыры. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ворошилин Геннадий Иванович
1937 жылы 9 сәуірде Харьков қаласында туған. 1961 жылы Қарағанды медициналық институтын емдеу ісі маман-дығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін оны Қостанай қала-лық ауруханасына дәрігер-хирург ретінде жұмысқа жібереді. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ғайсенова Римма Ғабдолақызы ![]() 1945 жылы 22 тамызда Қарасу ауданы Қарасу кентінде туған. Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (1967 ж.) орта мектептің физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби ат. Шымкент мәдени педагоги-ка институтын мәдени ағартушы қызметкері және клуб жұ-мыстарының әдіскері-ұйымдастырушысы мамандығы бойын-ша (1984 ж.) бітіріп шықты. Римма Ғабдолақызының мәдени-ет саласындағы қызмет кезеңі облыстың мәдени өміріндегі жарқын сәттеріне сәйкес келді. Ол басқарған «Текстильщик» мәдениет са-райының қызметі республика көлеміндегі ең үздіктердің қатарында болып, дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Жетекшінің және тәлім-гердің кәсіби білімі, дарыны өз бағасын тауып, оған 1988 жылы облыстық мәдениет басқармасын басқару тапсырылды. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Глазков Юрий Николаевич
1936 жылы 2 қазанда Мәскеу қаласында туған. № 623 мектептің жеті сыныбын бітіргеннен кейін Суворов училище-сіне түседі де, 1957 жылы Харьков жоғарғы авиациялық ин-женерлік училищесінің курсанты болып шығады. 1965 жыл-дан ғарышкерлер тобының құрамына енеді. 1977 жылдың 7-25 ақпаны аралығында В. В. Горбаткомен бірге «Союз-24» ғарыш кемесінде және «Салют-5» орбиталық станциясында бортинженер ретінде ғарышқа ұшты. КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы, Кеңестер Одағының Батыры, техника ғылымдары-ның кандидаты. ![]() Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
| |||

























