Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Хакімжанова Мәриям (1906—1995)

  Қостанай обл. Қостанай ауд. Қобыланды ауылында туған. Жұмысшылар факультетінде оқи жүріп (1931–1932 жж.) ол «Әйел бостандығы» журналында (1929–1932 жж.) әдеби қызметкер және жауапты редактор болып істеді (1932–1934 жж.).
  Ақынның алғашқы өлеңі 1929 жылы, ал бірінші жинағы 1935 жылы жарыққа шықты.
  Мәриям Хакімжанова 1935–1937 жылдар аралығында Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі болып істеді. 1939–1944 жж. Қазақстан жазушылар Одағындағы халық ақындары бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 1945–1959 жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында жұмыс істеді. Ақынның өлеңдері орыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян және бірнеше басқа да тілдерге аударылды.
  Мәриям Хакімжанованың шығармашылыққа толы еңбегі «Құрмет грамотасы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірқатар медальдармен атап өтілді. 1986 ж. оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1976).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Цхай Валерий Алексеевич (1941—2017)

  1941 ж. Краснояр ауд. Кавказ а. туған. Дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты.
  1964 ж. Қарағанды медицина инстиутын бітірген.
  1964 ж. Қостанай қ. Ленин ат. облыстық ауруханада дәрігер, хирург болып істеді.
 Ағзалар мен торшалардың ишемеясы, башай тамырларының атеросклерозы, бауыр беріші мәселелерімен айналысты. Қазақстанда алғашқы болып спленосорбцияны қолданысқа енгізді.
 Кеуде хирургиясының өзекті мәселелері жөніндегі 100 астам ғылыми жұмыстың авторы, медицина ғылымына қанды УКС емдеу, бронх демікпесін жедел емдеу әдістемесі және манипуляция секілді бірнеше заманауи жаңалықтар енгізді.
 «Гемосорбция, спленоперфузия и лимфосорбция при инфекционно-аллергической бронхиальной астме», «Сборник научных работ сотрудников отделения грудной хирургии Костанайской областной больницы» атты екі монографияны жарыққа шығарды.
  2001 жылы В. А. Цхай «Құрмет» орденімен марапатталды.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (2012)


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Черникова Варвара Ивановна (1911—2008)

  Солтүстік Қазақстан облысы Явлинский ауданы Николаев ауылында туған. Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, Қазақ КСР еңбегі сіңген мұғалімі. Петропавл қ. педагогика техникумын бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бой-ынша (1931) және Орынбор педагогика институтын (1941) бітірген. Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Заградов ауылында бастауыш сыныптардың оқытушысы болып істеді.
  1933 жылдан Қостанай қ. кейінірек М. Горький атындағы мектеп болып қайта аталған Покровский ат. мектепте жұмыс істеді. М. Горький атындағы № 12 мектепте директор болып қызмет істеді (1943—1968 жж.).
  Варвара Ивановна «Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1986).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Шадикян Саркис Ованесович

  1934 жылы 2 ақпанда Махачкала қаласында туған. Ол еңбек жолын 1957 жылы институтты бітіргеннен кейін Қостанай қаласынан бастады. Қатардағы инженер қызметінен Қостанай автомобиль жөндеу зауытының директоры қызметіне дейін көтерілді. Қалалық партия комитетінің көлік және өнеркәсіп бөлімін басқарды.
  1982 жылдан С. Шадикян мемлекеттік биліктің атқару органдарында қызмет істеді. 10 жыл бойы Қостанай қаласы халық депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары және төрағасы болып, кейін бұл орган таратылған соң 1992 жылдан қалалық ұйым басшысының орынбасары болып істеді. Көп жылғы жемісті еңбегінің арқасында Саркис Ованесович қаланың ірі өндірістік мекемелеріне басшылық жасап отырған жетекшілердің жаңа толқынын тәрбиелеп шығарды.
  Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және «Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1994).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы

  Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында (Забеловка селосы) 1951 ж. 17 маусымда ту-ған.
  Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді.
 1968 ж. оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қос-танай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, об-лыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім де-партаменті директорының орынбасары, А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемле-кеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
  Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры. Доцент, филология ғылымдарының кандидаты А. Шаяхмет бірнеше монография мен оқу құралының авторы.
  Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.
  Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
  «Ахмет Байтұрсынов», «Мәдениет қайраткері», «Құрметті журналист» медальдарымен, «Тіл жанашыры» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (2013).
  Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 558 шешімімен А.Қ. Шаяхметке «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Шаяхметов Мәлік Баекенович (1949—2014)

  Мәлік Баекенович 1949 жылдың 16 желтоқсанында Қостанай ауданының Тұңғыш ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Озерный орта мектебін бітіргеннен кейін Павлодар индустриялық институтына оқуға түседі. Еңбек жолын институтты бітіргеннен кейін 1973 жылы Қостанай автопаркінде жөндеуші-шебер болып бастады.
  1947 жылы Қостанай автотресіне ӨТҚ аға инженер болып тағайындалады. 1983 жылы Қостанай көлік өндірістік бірлестігінің ашылуына байланысты оның басшысы болып тағайындалады.
  1996 жылы бірлестік таратылғаннан кейін Мәлік Баекенович «Қостанай автобус паркі» АҮАҚ президенті, кейін «Қостанайавтокөлік» ЖШС бас директоры болып тағайындалады. Оның жетекшілігімен көлік кәсіпорны, әлеуметтік және мәдени нысандардағы ғимараттар мен құрылыстар салынып, іске қосылды. Соның ішінде Қостанай автовокзалы, балабақша, дүкен. Облыстың және қаланың балаларына арналған «Светофор» атты лагері салынған. Бірнеше рет қалалық және учаскелік сайлау комиссиясның төрағасы болып сайланды.
  Қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосты.
  Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31наурыздағы № 278 шешімімен А. Қ. Шаяхметке «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Шәкібаев Серік Шәкібайұлы (1926—1999)

  Павлодар қаласында туған. Он алты жасында еңбек жолын бастап, «Шілікті» кеңшарында жұмысшы, есепші, бригадир, ауылдық кеңестің хатшысы болып істеді. 1944 жыл-дың тамызында аудандық комсомол комитеті оны мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарына жұмысқа жібереді. Жұмысын қатардағы қызметкер лауазымынан бастап Қостанай облысы МҚК басқармасы басшысының орынбасары лауазымымен аяқтайды. Аталған органда Серік Шәкібайұлы 32 жыл қызмет істеді. Қызмет барысында көптеген марапаттауларға ие болды. Ол «Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
  1968 ж. оның «Үлкен Түркістанның күйреуі» кітабы жарыққа шықты. Осы шығармасымен ол қазақ әдебиетінде чекистік тақырыпқа қозғау салған бірінші адам болды. Кітап 1972 ж. орыс тіліне, 1976 ж. қырғыз тіліне аударылды. 1976 ж. құрметті демалысына шыққаннан кейін ол әдеби жұмыстармен айналысуға бет қояды. Серік Шәкібайұлы өзінің негізгі қызметімен және әдеби жұмыстарымен қатар қоғамдық жұмыстарға да көп көңіл бөледі.
  1979 ж. он жыл бойы облыстық Майлин ат. әдеби бірлестігінің жұмысына басшылық жасайды.
  1980 ж. ол Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болды.
  1983–1989 жж. аралығында Қазақстан жазушылар одағында Қостанай облысы бойынша әдеби кеңесші болып істеді. Қазақ әдебиетінің дамуына қосқан ерекше еңбегі және белсенді қоғамдық қызметтері үшін ол Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды.
  Қостанай қаласының құрметті азаматы (1986).


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Щербинин Иван Сергеевич

Павлодар облысы Коряков ауданы Леонтьевка ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейінгі жыл-дары КСРО түрлі әскери бөлімдерінде қызмет етті. 1959 жыл-дан демалысқа шыққанға дейін Қостанай облыстық әскери комиссариатында қызмет істеді. Жазушы. Соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің, «Отан ұлы» (Ресей) газеті редакциясының және «Қазақ тілі» қоғамының сыйлықтарының лауреаты. Қостанай ардагерлер кеңесі төралқасының, облыстық «Боз-дақтар» ескерткіш-кітабы (1965 жылдан) редколлегиясының мүшесі. Соғыс ардагерлері кеңесі комитетінің және Бүкілодақтық соғыс және тыл ар-дагерлерінің, Қарулы күштердің құрмет белгілерімен марапатталған. «Соғыс ардагері» (соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің органы) журналы редак-циясы сыйлығының лауреаты.
Екі әскери орденмен және медальдармен, «Ерлігі және Отанға деген сүйіспеншілігі үшін» белгісімен, «Жер асты байлығын барлау жұмыстары-ның үздігінің» екі белгісімен марапатталған.
Майдангер-қостанайлықтар және полктестері туралы «Заман үні», «Ер-лік жолы», «Елін сүйген ерлер», «Өз өлкесінің батырлары» очерктері мен кітаптарын жазып шығарды.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Эйартц Леопольд

1957 ж. 28 сәуірде Аквитанцияның Биаррице қ. туған. Француздық ғарышкер-зерттеуші екі рет ғарышқа көтеріліп, жалпы ұзақтығы 68 тәулік 21 сағат 29 минут 26 секунд уақыт ғарыш кеңістігінде болды. Әскери атағы – бригада генералы.
1980 жылы Францияның ӘӘК академиясын бітіреді. 1979 ж. Салон-де-Прованста инженер дипломын, ал 1980 ж. Туреде ұшқыш-истребитель дипломын алып шығады.
1980 ж. 7-ші дивизияда «Jaguar» ұшағында патруль ко-мандирі болып қызмет істеді (Истра), ал 1985 ж. эскадрилия командирі болды (Сен-Дизье). Африкадағы операциялар мен АҚШ оқу-жаттығу жұмыстарына қатысты. 1988 ж. ұшқыш-истребитель мектебін бітіріп (Истра), 1990 ж. дейін Париж түбіндегі Бритиньи-сюр-Оргтағы ұшуларды сынау орталығында қыз-мет істеді.
1990 ж. бас ұшқыш-сынақшы болып тағайындалады. 1990 ж. CNES ға-рышкерлерінің 3 тобына «Гермес» ККҒК ұшқышы ретінде қабылданады. 1991-1993 жж. аралығында Гагарин ат. ҒДО дайындықтан өтеді.
1998 ж. 29 қаңтары мен 19 ақпаны аралығында «Союз ТМ-27» кемесінде Т. Мұсабаевпен және Н. Бударинмен бірге ғарышкер-ұшқыш ретінде алғаш рет ғарышқа ұшты. Кеме «Мир» станциясымен түйіскеннен кейін «Союз ТМ-26» ҒК құрамында жерге оралды. Эйартцтың ғарышқа екінші сапары 2008 ж. 7 ақпаны мен 27 наурызы аралығында жүзеге асты (МКС-16 экипажының бортинженері). Кеме Кана-верал мүйісіндегі ғарыш айлағына қондырылды.
Құрметті легион, «Қызметі үшін», «Ерлік», «Достық» ордендерімен, Ше-тел департаменті медалімен, ұлттық қорғаныстың күміс медалімен марапат-талған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Яковлев Леонид Васильевич

Қазіргі кездегі Ленинград облысы Волховский ауда-нына қарасты жерде Усадище ауылында туған. Еңбек жолын болыстық жер бөлімінде іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып бастады. Ленинград жаяу әскер мектебін бітірді (1927 ж.). Ленинград түбінде соғысты қарсы алды. Жүргізілген жа-ңа тағайындаудан кейін Қостанай қаласына келіп, 151-ші же-ке атқыштар бригадасын жасақтады және осы бригадаға 1942-1944 жылдар аралығында өзі басшылық жасады. Кейін бригада 150-ші атқыштар дивизиясы болып қайта құрылды. 1944 жылдың сәуірінде дивизия басшылығын генерал Шатиловқа өткізіп, өзі жаңа қызмет орнына ауысты. Бірінші Қиыршығыс майданы әскерлерінің құрамында Жапондарға қарсы жүргізілген шайқастарға қатысты.
1955 жылы генерал-майор Яковлев әскер қатарынан босатылды.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus