Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Халқының ұлы, адамзаттың данышпаны»
16.09.2020

Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы 16 қыркүйекте абонементтер бөлімімен бірлесе отырып Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Халқының ұлы, адамзаттың данышпаны» онлайн әдеби кешін өткізді.

Абай Құнанбаев ғалым, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырды. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде кейін Абай әлемі деген атауға ие болып, бірегей құбылыс ретінде бағаланған халықтың ұлттық сана-сезімі, тұрмысы, әлемге деген көзқарасы, мінезі, жан дүниесі, сенімі, тілі, дәстүрі мен рухани байлығы көрініс тапты.

Шараға жазушы, журналист Серік Шайман қатысты.  А.Байтұрсынов ат. ҚӨУ студенті Дүйсенбай Ақботаның орындауында Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың»  әні, журналист Ерлан Игисиновтың орындауында ақынның поэзиясы және Никита Михайловтың орындауында «Қара сөздері» тыңдалды.  Сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» шығармасынан үзінді ұсынылды.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=eIc7nIYjnDU

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus