Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Л. Г. Зыкинаның шығармашылығына арналған бейнекездесу.
09.02.2014

         06.02.2014 Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК жиналыс залында Людмила Георгиевна Зыкинаның  шығармашылығына  арналған бейнекездесу өтті. Бейнекездесу «Ұлы Әншіні еске алу» тақырыбымен  өткізілді. Биыл  орыстың атақты әншісінің дүниеден  өткеніне бес жыл толды. Өнер туралы әдебиеттер бөлімі қызметкерлері өздерінің сүйікті оқырмандарына арнап сыйлы әншімен кездесуді сырласу мағынасында өткізді. Іс-шара басталмас бұрын жиналыс залының қасында безендірілген кітап көрмесі жұмыс істеді. Көрмеге фотосуреттер, кітаптар, күйтабақтар, сонымен қатар газет, журнал мен Интернеттен алынған мәліметтер қойылды.

         Әлем жұртшылығы Людмила Зыкинаға Ресейдің символы ретінде қарады. Санитар, токарь, тігінші болып та істеді. Қарапайым жұмысшылар отбасының перзенті балалық шағынан еңбек етуге мәжбүр болды. Аштық жайлаған соғыс кезеңі артта қалып, Зыкина әлемді дүр сілкіндірген әйгілі әншіге айналды. Ол қарапайым тыңдаушыларының да, саз өнерінің танымал тұлғаларының да жүректерін жаулап алды. Людмила Георгиевна Зыкина – Кеңес Одағының халық әртісі, Ленин сыйлығының лауреаты, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері.

         1929 жылы дүниеге келген Люда Ұлы Отан соғысы басталмас бұрын жұмысшы жастар мектебінде оқыды. 1942 жылы Мәскеу білдекжасау зауытында жұмыс істеді. Балалық шағынан барлық іс-шараларға қатысқан Зыкина, баян мен гитарада ойнауды үйренді, тұңғыш рет рет алты жасында сахнаға шығып ән салды. 1946 жылы конкурстан өткен ол әйгілі Пятницкий атындағы хорға жұмысқа орналасты. Зыкина дарынына бүкіл кеңес отаны қол соқты. Людмила Зыкина әлемнің 92 елінде гастрольмен болған еді. Оның мұрасы шынымен баға жетпес дүниелер болып қала бермек, ал әндері әлі де радио мен теледидардан үздіксіз орындала беретіні анық.

         Бейнекездесуімізге әйелдер клубының мүшелері, Қостанай жоғары оқу орындарының және колледж студенттері келді. Людмила Георгиевна Зыкинаның есімі осы жас аудиториямызға танымал және сүйікті болғанына біз бәріміз шын мәнінде қуанамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus