Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана кітаптарының рекордтары» кітап көрмесі
01.04.2014

(11.04.14 -29.04.14)

«Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» және Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың 120 жылдығына арналған Кітап онкүндігі аясында 2014 жылдың 11 сәуірінде «Кітапхана кітаптарының рекордтары» көрмесі ашылатын болады.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні болып саналатын 23 сәуір – әлем әдебиеті үшін ерекше күн. 1616 жылдың осы күні Сервантес, Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега дүниеден өтті. Бұл сондай-ақ Морис Дрюон, X. Лакснесс, Владимир Набоков, Дж. Пла және Мануэль Мехиа Вальехо секілді атақты авторлардың дүниеге келген немесе кеткен күндері. 

1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы осы күні кітап пен олардың авторларына құрмет көрсету туралы шешім қабылдады және барлық адамды, әсіресе жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқандардың еңбегін құрметтеуге шақырды.

«Кітапхана кітаптарының рекордтары» көрмесі Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қорларында сақталып келе жатқан және ерекше құнды болып табылатын бірегей әрі сирек кітаптар жайында баяндайтын болады. Біреулер үшін кітап коллекциялық бұйым болуы мүмкін. Екіншілер ең көрнекі безендірілген немесе ең «ақылды» кітапты артық көретіні даусыз.  Ақыр аяғында жырым-жырымы шыққанша оқылған кітап та аса құнды дүние бола алады.
Оқырмандар кітапхананың «ең, ең» деген кітаптарымен таныса алады.  Бұл жерден бұрын еш жерден кездестірмеген кітаптарды – ең жұқа және ең қалың, ең үлкен және ең кішкентай, ең қымбат және ең арзан, ең әдемі және ең көріксіз, ең танымал және ең көп оқылған, ең жаңа және ең көне кітаптарды көруге болады.

Тіпті сәнге айналып бара жатқан электронды кітаптар мен планшеттерді ұнататындар да көрмеден ерекше әсерге бөленетіні сөзсіз. Мұндай кітаптарды қолыңа бір алғанның өзі қайталана бермейтін толғаныс тудыратыны анық.

Көрме 2014 жылдың 29 сәуіріне дейін бірінші қабаттың фойесінде жұмыс істейтін болады.

25 сәуір күні сағат 15.00 бірінші қабаттың фойесінде   «Кітапхана кітаптарының рекордтары» көрмесіне шолу жасалынады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus