Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Төзімді болу оңай ма?
24.09.2014

24.09 қонақжайда Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының жобасы бойынша «Төзімді болу оңай ма?» тақырыбымен отырыс болып өтті. Кездесуді Қауымдастықтың төрағасы Өтебаева Динара Қайырбекқызы ашты. 

Кездесуге келген ақын Ғ.С.Бердалинова жастардың бойында төзімділік қасиеттерін қалыптастыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды.

         Әлеуметтік білім беру колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы М.Т.Қадыралиева еліміз жүргізіп отырған тіл саясатына қатысты мәселелерді ортаға салып, тілдерге қатысты дұрыс ұстанымды таба білудің, мұндай жұмыстарды қала мектептерінде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Мұндай сұхбатқа белсенді қатысатын ақын, жазушы, сегіз тілді игерген В.А.Лоскутников қазіргі кезде сәнге айналған төзімділікті алға тарта бермей, халықтың бойында жаңаша және сыни тұрғыдан ойлай білуді дамытудың қажеттігін дәлелдеді.

         Кездесуге қала мектептерінің мұғалімдері, кітапханашылар, «Зерек» колледжінің студенттері қатысты. Пікірталасты ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, Қостанай облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Суслова Александра Ильинична поэзияның, прозаның және бейнематериалдардың көмегімен түрлі сұрақтар туғыза отырып жүргізді.

         Юсупова Салиха Салиховна кітапханашылар атынан ұсынылған идеялар мен келелі отырыс үшін жиналғандарға алғысын білдіріп, кітапхана оқырмандарымен жүргізілетін мұндай жұмыстардың жерлестеріміздің бойында төзімділікті қалыптастыруға тигізер көмегінің көп екендігін атап өтті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus