Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Би ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» облыстық семинары
29.10.2014
2014 жылдың 29 қазаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Таран ОАК жерлесіміз, жазушы, көсемсөзші және қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Би ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстың мемлекеттік кітапханаларының кітапханашылары қатысты.
Семинар Бейімбет Майлиннің кеуітіне салтанатты гүл қоюдан және семинарға қатысушыларды құттықтаудан басталды. Бұдан кейін Бейімбет Майлин ат. аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жерде Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған экспонаттар мен материалдардың үлкен бөлімі орналасқан.
Ауданық ОКЖ мен Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК аудандық МҮ фойесінде «Қалам майталманы Бейімбет Майлин – 120 ж.» кітап көрмесін ұйымдастырды. Семинар қонақтары көрменің материалдарын қызыға тамашалап, көрмеге қойылған әдебиеттер бойынша дайындалған шолуды ерекше ықыласпен тыңдады.
Бұдан кейін МҮ семинардың салтанатты ашылуы болып, ол Таран ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Дидар Мұхамеджанұлы Аққұловтың қатысушыларды құттықтауымен ашылды. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы атынан семинар қонақтарын аға маман Олжабаева Роза Төлешқызы құттықтады.
Баяндамашылардың хабарламаларынан семинарға қатысушылар даңқты жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы жайында көптеген қызықты және жаңа ақпараттар алды.
Ақын Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызы «Бейімбет Майлин өмірінің қызықты деректері» баяндамасында жазушының өмірінен, оның қазіргі «Қостанай таңы», бұрынғы «Ауыл» Қостанай облыстық газетінде жұмыс істеген кезінде орын алған қызықты жайлар жайында деректер келтірді. А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тіл және әдебиет кафедрасының оқытушысы Төлегенова Шынар Исламбекқызы «Дара туған Бейімбет» баяндамасында Бейімбет Майлиннің шығармашылығына талдау жасады.
Тобыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Б.Майлиннің туысы және жазушының шығармашылығын зерттеуші Ұлбике Байдрахманқызы Қасымова «Би-аға мәңгі есімізде...» тақырыбына баяндама жасады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстар бөлімінің маманы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорларының Бейімбет Майлин жайындағы құжаттармен толықтырылуы жайында айтып берді.
Таран халық театры әртістерінің орындауымен Бейімбет Майлиннің «Келін мен шешей» пьесасы бойынша қойылған спектакль үзіндісі жиналғандардың ризашылығын тудырды (режиссері Луценко Нина Владимировна).
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің аға кеңесшісі Рахымбекова Айжан Сұлтанқызы өткізген «Б. Майлиннің шығармалары – өмірдің көркем шежіресі» әдеби пікірталасы аясында Бейімбет Майлиннің шығармаларын насихаттау бойынша тәжірибе алмасу болды.
Семинар жұмысын қорытындылар тұста Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған облыстық блогтар байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды (Лисаков ҚОК, Таран және Жітіқара ОКЖ).
Семинар жұмысын «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрболат Мешітбаев оның өтілуі барысында жедел жеткізіп отырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus