Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Банкирмен болған кездесу
12.11.2013

ҚР ұлттық валютасы – теңгенің 20 жылдығы қарсаңында кітапхананың қонақжайында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Жұмашев Мираш Жұмашұлының студенттермен, қаржыгерлермен, банкирлермен, экономистермен кездесуі болып өтті.  

Кездесуге ұлттық ақша тарихының ел тарихындағы маңызды кезең екендігін атап өткен құрметті ардагерлер де қатысты.

Мираш Жұмашұлы теңгенің дүниеге келуі мен дамуы туралы электронды көрсетілімді араластыра отырып қызықты әрі түсінікті әңгімелеп берді. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның Ұлттық банкінің «Қазақстан қалалары» сериясы бойынша құны 50 теңгелік «Қостанай» атты естелік тиын ақшаны жарыққа шығарғанын жеткізді.

Кездесуге арнап ҚР Ұлттық валютасы туралы материалдар қойылған «Егемен елдің ерекше белгісі» атты кітап көрмесі безендірілді.

Қостанай облысы ІІД «Милицейская слава» мұражайының директоры П.Д.Шедрин әкелген шақалар коллекциясы кешке жиналғандардың ерекше қызығушылықтарын туғызды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus