Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Оқымыстылар ортамызда» клубы
18.11.2013

 «Оқымыстылар ортамызда» клубының жұмыс шеңберінде қонақжайда «Қостанай облысының мұрағат, кітапхана, мұражай қорларының өңір тарихын зерттеуге тигізер рөлі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, оған өңірімізге танымал тарихшы-өлкетанушылар, қаланың мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері қатысты. 

Түрлі мәдениет институттарын біріктірудің тиімділігі туралы әңгімелеген мұражай, мұрағат және кітапхана өкілдері жұртшылықтың түрлі талаптары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қорларын қалай жарнамалап жатқандары және өз жұмыстарындағы өзгерістер жайында айтып берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз баяндамаларында біріккен ақпараттар ресурсын құру, қаланың біртұтас ақпараттық және зияткерлік кеңістігін қалыптастыруды талқылауға тырысты.

Кешті жүргізуші ғалымдарға, тарихшы-өлкетанушыларға кітапхана өміріне белсенді қатысатындары үшін, олардың білімдерін оқырмандарға ұсынуға жасаған мүмкіндіктері үшін, бай ғылыми базасы үшін, мұрағаттар мен мұражайлар қызметкерлеріне ынтымақтастықтары үшін, кітапхана көрмелерін толықтыра түсетін және оқырмандардың көріп білуіне мүмкіндік беретін олардың материалдары үшін алғысын білдірді. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерін келе жатқан 90 жылдықтарымен құттықтады.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus