Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рудненская лира» әдеби жинағының тұсаукесері
18.11.2013

         «Рудненская лира» жинағының тұсаукесеріне қостанайлық және рудныйлық авторлар жиналды.Жиналғандарды жинақтармен таныстырған жүргізуші оның көлемі, мерзімділігі туралы айта келіп, ондағы өлеңдердің қазақ және орыс тілдерінде жарияланатынын атап өтті. Тұсаукесер кітапханашы Эльвира Сапабекованың А.Шаяхметтің сөзіне жазылған «Қостанай» әнін орындауымен басталды.

Рудныйлықтардың делегациясын «Рудненская лира» клубының жетекшісі В.А.Варенцов бастап келді. Владимир Александрович пен басылымның техникалық редакторы Юрий Вовк «Басылымды шығару туралы ой қалай келді?»,   «Рудненская лираның» болашағы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап берді. Тұсаукесерге А.Шаяхмет, А.Тарасенко, А.Суслова, Ю.Я.Бондаренко секілді қостанайлық авторлар және басқалар қатысты. Рудныйдың барлық 11 ақыны қатысқандарды өздерінің шығармашылықтарымен таныстырып өтті. 

Жүргізуші «Толстовканың» кітапханашыларының «Рудненская лираны» назардан тыс қалдырмайтынына, оны өз оқырмандарына ұсынатындарына сенім білдірді. Кешке келгендер бұдан ары да бірлесе жұмыс істей беретіндіктеріне үміт білдірісті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus