Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық фестивальдардың лауреаты, А. Губенко жетекшілік ететін муниципальдық үрмелі аспаптар оркестрінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық кеші.
20.11.2013

  Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімі 2013 жылдың 19 қарашасы күні сағат 16.00  халықаралық фестивальдардың лауреаты, А. Губенко жетекшілік ететін муниципальдық үрмелі аспаптар оркестрінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш өткізді. 

Меценатар клубы сыйлығының лауреаты болып табылатын үрмелі аспаптар оркестрінің жұртшылыққа ұнағаны сонша, оның қатысуынсыз бірде-бір шара өтпейтін болды. Сондай-ақ ол халықаралық фестивальдарда жиі қонақ болып тұрады.                                                                                         

Оркестр президент оркестрімен бірге республика алаңдарында өнер көрсетіп келеді. Шығармашылық жылдары ішіндегі оған деген қостанайлықтардың сұранысы төмендеп көрген жоқ және қаладағы маңызды шаралардың ешқайсы онсыз өткен емес. 

Оркестр жыл сайын дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.

Оркестр жетекшісі Алексей Алексеевич Губенко – Қарулы күштердің әскери оркестрінде 25 жыл дирижер болған кәсіби музыкант. Өзінің жеке әдісін шығарғаны үшін Алексей Губенкоға «Жоғары санатты қосымша білім беру педагогы» атағы берілген.    

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus