Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ақынмен өткен кездесу
03.12.2013

22.11.2013 жылы сағат  15.00-де Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың қонақжайында Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлымен   «Жан-ар» атты шығармашылық кеш болып өтті.

Кездесуде белгілі кісілермен қатар жас ақындар да болды. Бердалинова Ғайнижамал апай Нұрқанат Жүнісұлының жастық шағы жайлы біршама әңгімелеп берді. Тура жеті жыл бұрын осы кітапханада ақынның «Тәңір түсі» деп аталған алғашқы өлеңдер жинағының тұсаукесерін жүргізген Әміров Әбутәліп автордың таланты мен өлең жазу мәнерінің ерекшелігіне тоқталып өтті.   Өтелбаева Салтанат болса кешке жалғыз келмепті, өзімен бірге «Дарын» мектебінің оқушыларын ерітіп әкелді. Олар автордың өлеңдерін нақышына келтіріп оқып кештің сәнін қыздыра түсті.  Кыдырбек Киысхан, Абылай Мауданов, Аслан Қанғожин, Жандос Жүсіпбеков сынды жас ақындар да өздерінің төл туындыларын оқып, Нұрқанат Құлабаевты аға ретінде сыйлайтындарын, ақын ретінде  құрметтейтіндерін көрсетті. Кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ-дың студенттері де қатысты. Ақынның аталған білім ордасындағы шәкірттері де оқытушыларына алғыстарын білдіріп, қызықты да мағыналы дәрістері үшін рахметтерін айтты. Келген қонақтардың барлығы да Нұрқанат Жүнісұлының облысымызда ғана емес, елімізде де өз орны бар талантты ақын екенін тілге тиек етті. Барша жиналған қауым жақсы көңіл-күймен, ал ақын болса әлі де көптеген шығаралар жазам деген оймен тарқасты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus