Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бұл біздің заманымыз» ұрпақтар пікір алмасуы
13.02.2015
Кітапхана қазіргі кезде ақпараттық, ағартушылық орталық қана емес, сондай-ақ кездесулер мен пікір алмасулардың және әркімнің өз ойын ашық айтар азат алаңына да айналып отыр.
12.02 қонақжайда «Бұл біздің заманымыз» тақырыбымен ұрпақтар арасындағы пікір алмасу болды. Кездесуге Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.К.Мақанов, облыстық Ардагерлер кеңесінің хатшысы В.Г.Семенова, ақын, аудармашы, баспагер А.В.Тарасенко, өлкетанушы, публицист, отставкадағы подполковник, ҰҚКД Қостанай облысы бойынша мұражайының директоры А.В.Қаратаев секілді аға ұрпақтың өкілдері шақырылды. Жастар атынан Қостанай облысы әкімдігі жастар ісі жөніндегі басқарма басшысының м.а. Динара Қарымсақова, қалалық мәслихат депутаты Татьяна Антонинова, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Ерлан Төлетаев, аймақтық КТК жетекшісі Марғұлан Бәкір қатысты. Сондай-ақ кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушылары, студенттері және БАҚ өкілдері келді.
Заман және өздері жайындағы ашық та қызықты әңгіме болды. Ақыр аяғында Отаныңды қаншалықты сүйсең, қанша жерден патриот болсаң, сенің еңбек етуің, еліңнің дамуы мен гүлденуіне қосар үлесің де соншалықты маңызды деген ортақ пікірге тоқтау жасады.
Қазақстанның болашағы жайындағы бейнеролик пен Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы кітаптар қойылған «Бұл біздің заманымыз» тақырыптық сөресі де кездесуге келгендердің қызығушылығын тудырды. Кездесуді жүргізген Д.А.Дауренбекова келгендердің барлығын кітапхананың бай қорын пайдалануға, дәстүрлі және сандық нұсқадағы әдебиеттерді, ақпараттарды көбірек оқуға шақырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus