Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай қ. тұрғыны Георгий Шаповаловтың Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Талайды толғандырған оқиғалар» атты фотокөрмесінің ашылуы.
02.04.2015
Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер туралы әдебиеттер бөлімінде 2015 жылдың 2 сәуір күні Георгий Шаповаловтың Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған «Талайды толғандырған оқиғалар» атты фотокөрмесінің ашылуы өтті.
Қостанайлықтардың Жеңіс күнін қалай атап өтетіндерін Георгий Шаповаловтың фотосуреттерінен анық көруге болады. Ол көптеген жылдар бойы 9 Мамыр күні фотокамерасын өзімен бірге күні бойы алып жүруді міндетіне айналдырған. Енді міне, осы бір әдетінің нәтижесінде шынайы, әсерлі «Талайды толғандырған оқиғалар» көрмесі дүниеге келді. Шаповаловтың суреттерінен мерекенің басталу салтанатын ғана емес, сондай-ақ қостанайлықтардың толғаныстарын, сағыныштары мен көңіл күйлерін де көруге болады. Опат болған жолдастарын есіне түсіріп, көзіне жас алған ардагер, естелік қабырғасына сүйеніп тұрып, ұрыс даласында қалған ұлын сағынған кейуана, ескерткішке гүл қойған жасөспірім және т.б. суретшінің назарынан тыс қалмаған. Фотограф бүгінгі көріністің келер жылы тарихқа айналуы мүмкін деген ой тастайды, бұл осы мезеттің құндылығын одан ары арттыра түседі.
Көрмеге автордың 25 жұмысы қойылған және кітапхананың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері өздерінің қорларындағы Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларын, халқымыздың Жеңіс жолындағы басынан кешкен қиындықтарын баяндайтын әдебиеттер қойылған «Жеңісті жеткізген лента» атты кітап көрмесін безендірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus