Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысының Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен тыл еңбеккерлері портреттерінің «Ардагерлерге арналады» көрмесі
21.04.2015
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған Кітап онкүндігі аясында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК 21 сәуір күні Қостанай облысының Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен тыл еңбеккерлері портреттерінің «Ардагерлерге арналады» көрмесінің ашылуы өтті.
Владимир Евтушенконың портреттерінде сұрапыл соғыстың сынынан сүрінбей өткен, жан беріп жүріп Жеңісті жақындатқан жерлестеріміз бейнеленген. Суретшінің жұмыстарынан майданда жауымен бетпе-бет келгенде тайсалмаған, жеңіс жолында тәулік бойы тер төккен, соғыстан кейін қирап қалған елді қайтадан қалпына келтірген ұлы да қаһарман ұрпақтың өкілдерін көруге болады.
Көрмеге Евтушенконың жұмыстарының ішінен портеті орын алған тыл еңбеккері Әкім Бакенов, қалалық ардагерлер кеңесінің ардагері М.И.Подоляков қатысты. Шараға портреттері көрмеге қойылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерінің туыс-туғандары және т.б. шақырылды. Ауған соғысының ардагері Таңқабаев Сәлім ардагерлерге өшпес ерліктері үшін алғыс білдірді.
Көрме облыстық филармонияның әншісі Сергей Клейменовтың қонақтарға арнап майдан және соғыстан кейінгі әндерді орындауымен ашылды.
Көрермендер назарына шебердің 22 жұмысы ұсынылды.
Аталған көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы мен оқиғаларына қатысқан адамдар жайындағы естелікті сақтау.
Шараға 60 адам қатысты. Тақырып бойынша 75 кітап пен журналдар қойылған кітап көрмесі безендірілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus