Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ортақ Жеңіс» фотокөрмесі
07.05.2015
Кітапханада 7 мамырдан бастап «Ортақ Жеңіс» фотокөрмесі жұмыс істеуде.
Фотокөрменің негізгі мақсаты: орын алған оқиғалар мен фактілерді қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін сақтап қалу.
ҚР мемлекеттік Орталық кино-фото құжаттар мұрағаты мен ҚР АҚШ елшілігінің ұсынуымен АҚШ Ұлттық мұрағатынан алынған фотосуреттер коллекциясы Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған.
Көрме Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары азаматтарының Жеңіске қосқан көмектері мен үлестерін, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО мен АҚШ арасындағы одақтың рөлін көрсетеді.
Фотокөрме майдандағы жауынгерлердің ерлігін, тылдағы адамдардың: медбике әйелдердің, ұшқыштардың, қорғаныс зауыттары жұмысшыларының күресін бейнелеген.
«Ортақ Жеңіс» көрмесіне Бауыржан Момышұлы мен атақты Панфилов дивизиясы жауынгерінің, Кеңес Одағының Батырлары – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметованың, фашист басқыншыларымен жанқиярлықпен шайқасып жатқан белгісіз батырлардың сирек кездесетін фотосуреттері қойылған.
Көрмеге қойылған суреттерден күріш жинап жүрген, көмір қазып жатқан, госпитальдарда жаралыларға көмектесіп жүрген қазақстандықтары көруге болады. Барлығы Жеңіс үшін күресуде.
Фотокөрмені ұйымдастыру кітапханаға жаңа оқырмандарды тартуға мүмкіндік беріп, олардың ақпараттық мәдениетін көтеруге ықпал ететін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus