Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Герольд Бельгер: Такая выпала стезя»
01.06.2018

1 маусымда қонақжайда Владимир Ауманның қазақстандық танымал жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеуші Г. К. Бельгер жайындағы «Герольд Бельгер: Такая выпала стезя» кітабының тұсаукесері өтті.

Владимир Андреевич Аумантарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Украинада дүниеге келген, Қостанай облысында ер жетіп, осы жерде ұзақ уақыт тұрған. Қазір Мәскеу қ. «Неміс мәдениеті орталығы» директоры, “Russlanddeutsche” журналы бас редакторының бірінші орынбасары. Ресей мен Қазақстандағы немістердің мәселесіне қатысты 10 астам кітап жазды. Екі телефильмнің авторы және режиссері. «Герольд Бельгер: Такая выпала стезя» кітабы «Қазақстанның танымал немістері» жобасы аясында жарық көрді және қазіргі таңда кітап Владимир Андреевичтің өзі көп жылдар бойы араласып келген Г. К. Бельгердің өмірі жайындағы ең толық және шынайы басылым болып табылады.

Шараға қатысқандар автордың осы бір қайталанбас тұлғаның тағдыры туралы, кітаптың қалай жазылғаны туралы, неміс халқының сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі жер аударылуы туралы, Қазақстан мен Ресейдегі неміс диаспорасының қазіргі кездегі жағдайы туралы айтқан әңгімесін қызыға тыңдады.

Қаланың шығармашылықпен айналысатын зиялы қауым өкілдері қонаққа көптеген сұрақтар қойды. Кездесу достықтың, ұлтаралық келісім мен біртұтастықтың шынайы үлгісін көрсеткен «отбасылық» ахуалда өтті.

Кездесу соңында Владимир Андреевич сыйға тартылғандығы туралы қолы қойылған кітапты облыстық кітапхананың қорына табыс етіп, тұсаукесерге келген барлық қатысушылармен бірге естелік суретке түсті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus